Астана полициясы кинотеатрда болған жанжалды тергеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы кинотеатрда болған жанжалды тергеп жатыр © Аlmazcinema.ru

Полиция Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын елорда кинотеатрында болған жанжал туралы хабарлама жарияланған еді.

ІІД мәліметінше, әйел мен ер адам арасында кинотеатр залында болған жанжал туралы хабарлама Астана ІІД Жедел басқару орталығына 9 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында куәгерлерден келіп түскен. Тексеру барысында екі тарап та шағым түсіруден бас тартыпты.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабына ("Бұзақылық") сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деді полиция өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети