Астана полициясы қытайлық қызға қымбат білезігін қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана полициясы қытайлық қызға қымбат білезігін қайтарып берді © pixabay.com

Елордалық полицейлер Қытай азаматшасының қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық полицейлер Қытай азаматшасының қымбат зергерлік бұйымын тауып, қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Ішкі істер департаментіне елордалық полицейлердің жедел жүргізген шараларына алғыс айтып жатқан шетел азаматтарынан хабарламалар әлі күнге дейін түсіп жатыр. 25 маусымда шамамен сағат 13.00-де полицей ойын-сауық орталығының аумағында чек көрсетілген қымбат әшекей бұйымдар мен сертификат тауып алды", - деді полициядағылар.

Полицейлер жүргізген жежел іздестіру жұмыстары барысында қымбат бұйымның иесі табылды. Ол Қытай Халық Республикасының азаматшасы болып шықты. Ол қымбат әшекейлерін таңғы уақытта MEGA Silk Way орталығында жоғалып алған. Қажетті процессуалдық шешімдер жүргізілген соң қымбат бұйымдар иесіне қайтарылып, азаматша полицейлерге шексіз алғысын білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети