Астана полициясы 19 жастағы қызды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана полициясы 19 жастағы қызды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана ІІД мәліметінше, 15 ақпанда полицияға Қазбекова Гүлшаттың анасы хабарласып, 19 жастағы қызының 3 ақпан күні үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмағанын айтады.
"Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Полицейлер қызды табу үшін жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Іздестіру шараларына Астана ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.
Гүлшат Қазбекова биыл 3 ақпанда жоғалып кетті. Ағасы Дулаттың айтуынша, ол таңертең жұмысқа шығып кеткеннен қайта оралмаған. Қызды көрген адам болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 87751036683, 87052650473, 87024876022.