Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр, - lдеп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана полициясы автобуста төбелескен әйелдерді іздестіріп жатыр, - lдеп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қарашада кондуктор мен жолаушы арасында болған төбелес Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тіркеуге алынды.
"Жолаушының кім екені анықталып жатыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз хатшысы. Полиция өкілдері кондуктордың түсінік бергенін мәлімдеді. Сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 2 қарашада әлеуметтік желілерде Астана автобусында екі әйелдің төбелескені бейнеленген видео кең талданған еді. Видео авторының айтуынша, әйелдердің бірі автобус кондукторы, ал екіншісі - жолаушы. Олардың нақты қандай себеппен жанжалдасқаны әзірше белгісіз. Видеодан екі әйелдің бір-бірінің шашынан тартып, жерге құлағандарын көруге болады. Айта кетейік, куәгерлердің ішінде бір ғана адам оларды ажыратуға тырысты.
Болжам бойынша, жолаушы өзінің аялдамасынан өтіп кетіп, кондукторға тап берген.