Полиция Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Астанадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінің кинотеатрында болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде бірнеше күн бұрын елорда кинотеатрында болған жанжал туралы хабарлама жарияланған еді.
ІІД мәліметінше, әйел мен ер адам арасында кинотеатр залында болған жанжал туралы хабарлама Астана ІІД Жедел басқару орталығына 9 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында куәгерлерден келіп түскен. Тексеру барысында екі тарап та шағым түсіруден бас тартыпты.
"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабына ("Бұзақылық") сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деді полиция өкілдері.