Астана-Қосшы тас жолында автобус өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана-Қосшы тас жолында автобус өртенді Кадрдан алынған сурет

Астана-Қосшы тас жолында қалалық қоғамдық автобус өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана-Қосшы тас жолында қалалық қоғамдық автобус өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктің өртенген сәті түсірілген видеоны Интернетке ERLAN ASTANA есімді қолданушы жариялады. Оның айтуыша, қалалық №43 бағыттағы автобус жанып кеткен. Оқиға 16 маусымда түстен кейін болды.

"Көлік тізгінінде Боранбаев Руслан есімді жүргізуші болған. Автобуста қысқа тұйықталу болыпты. Жолаушылар наразылық танытқаннан кейін ол дереу тоқтап, өртті сөндіре бастаған. Электр құрылғылары өртенген кезде қатты түтіндейтіні белгілі. Жолаушылардың бірі өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалыпты. Дегенмен, олар келгенге дейін өрт өшірілді. Біз қысқа тұйықталудың болғанын, оларға ешқандай кінә артпайтынымызды жазып, анықтама қағазын бердік", - деді "Жорға" ЖШС қауіпсіздік инженері Нұржан Дәметов.

Оның айтуынша, оқиғаның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус қазір жөндеуде тұр. Сонымен қатар, инженер барлық автобустың тексеріліп жатқанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети