Астана-Санкт-Петербург рейсінен мас жолаушы түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана-Санкт-Петербург рейсінен мас жолаушы түсірілді © Тұрар Қазанғапов

Астана халықаралық әуежайында "Астана-Санкт-Петербург" рейсінен бұзақы жолаушы түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана халықаралық әуежайында "Астана-Санкт-Петербург" рейсінен бұзақы жолаушы түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана әуежайы Желілік полиция бөлімшесіне хабарлама "Эйр Астана" әуе компаниясынан түсті. Көлік полициясы жолаушының аты-жөнін анықтады. Ол Ресейдің 40 жастағы азаматы болып шықты.

"Тексеру барысында ер адамның бортта мас күйде болғаны, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзып, жолаушылардың тыныштығын кетіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

"Алкоголь ішімдігін ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүру" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, көліктегі ІІД рейстен жолаушылардың алынып тасталғаны туралы тағы бірнеше дерек келтірді.

13 қараша күні "Бангкок-Алматы" рейсінің 1981 жылғы жолаушысына да хаттама толтырылды. Сол күні "Ақтөбе-Алматы" рейсінен 1986 жылғы ақтөбелік азамат түсірілді. Ол да мас күйде болған. Бұл дерек бойынша да әкімшілік хаттама толтырылды.

 Көліктегі ІІД мәліметінше, алкогольді ішімлдікті көшеде ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүру 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге әкеледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети