Астана - Щучинск тасжолында минивэн мен жол талғамайтын көлік соғысты, соның салдарынан екі адам қаза тауып, 11-і зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана - Щучинск тасжолында минивэн мен жол талғамайтын көлік соғысты, соның салдарынан екі адам қаза тауып, 11-і зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 6 тамызда таңғы уақытта Ақкөл ауданында "Гелиос" жанармай бекетінің маңында болды.
Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі Toyota HiAce минивэн Астанаға Қатаркөл ауылынан шыққанын мәлімдеді. Осы бағытта Toyota Land Cruiser автомобилі де кетіп бара жатқан. Жол талғамайтын көліктің дөңгелегі ұшып кетіп, Toyota HiAce көлігіне соғысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан, 13 адам зардап шекті, оның ішінде Toyota HiAce. жүргізушісі де бар. 11 жолаушының алтауы ересек, ал бесеуі балалар. Барлығы Орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. 1983 жылғы әйел адам, Toyota HiAce жүргізушісінің жары және 2006 жылы туылған бала оқиға орнында қаза тапты", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Гүлнар Пинчук.