Астана сотында студенттің науқастарды қорлаған видеосы көрсетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана сотында студенттің науқастарды қорлаған видеосы көрсетілді Фото ©️ Tengrinews.kz

Астанада хоспистегі ауыр науқастарға, сондай-ақ аутизмге шалдыққан балаларға жәбір көрсеткен медицина факультетінің студентіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада хоспистегі ауыр науқастарға, сондай-ақ аутизмге шалдыққан балаларға жәбір көрсеткен медицина факультетінің студентіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сотта сотталушы түсіріп алған, содан кейін жалпы чатта мектептегі достарына жіберген видеолар көрсетілді.

Видеолардың бірінде жігіт балағат сөздер айтып, қорғансыз қарияның басынан алақанымен бірнеше рет ұрған.

Екіншісінде төсекте жатқан дәрменсіз қарт әйелді балағаттайды.

Үшіншісінде еденде еңбектеп жүрген аутист баланың бөксесіне саусағын батырады.

Сот отырысында сотталушының телефонынан табылған 10-нан аса жазба көрсетілді. Туыстары қорланғанын тағы көрген марқұмдардың туыстары көз жасын тыя алмады.

Соңғы сот отырысында жәбірленушілер сотталушыдан әрқайсы 5 миллион теңгеден екі азаматтық талап арыз берген. Бүгін сотталушы 300 мың ғана төлей алатынын айтты. Осы арқылы жауапкер азаматтық талаптарды толық мойындамағандықтан, оған қатысты іс қысқартылған түрде емес, жалпы тәртіпте қаралып жатыр.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, сотта істеген ісінің ауырлығын түсінгенін, бірақ неге науқастарды қорлағаны туралы сұраққа жауап бере алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети