16 қараша 2023 17:54

Астана тұрғыны автобустың әйнегін сындырғаны үшін қамауға алынды

видео кадры

Автобустың әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобустың әйнегін сындырған астаналық тұрғын 15 тәулікке қамауға алынды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған.

Реклама
Реклама

"Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды. Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты", - делінген хабарламада.

Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram