Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің 1 миллион теңгесін алып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің 1 миллион теңгесін алып кеткен Видео кадры/instagram/police__astana

Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің ақшасын алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны банкоматтан өзгенің ақшасын алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғыны полицияға жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс біреу оның 1 миллион теңгесін иемденген. Банкоматтағы ақау салдарынан жігіт салған ақша қабылданбай, бетінде қалып қойған.

Өтіп бара жатқан азамат бұл ақшаны тауып алғанын хабарлаудың орнына, оны алып кетіп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

"Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушінің банкомат арқылы өз шотына ақша салмақ болғанын анықтады. Қала тұрғыны қолма-қол ақшаны ақша қабылдағышқа салған, операция аяқталды деп ойлап, кетіп қалған. Алайда техникалық себептерге байланысты ақша есепке алынбай, банкомат оны қайта шығарған. Жәбірленуші мұны байқамаған, ал жанында тұрған ер адам осы жағдайды пайдаланып, ақшаны алып, қашып кеткен".

Полиция қызметкерлері құқықбұзушылық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады. Ақшаны ол жеке қажетіне жұмсап үлгерген.

Ер адам кінәсін мойындады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети