Астана тұрғыны өртеніп жатқан 9-қабаттағы пәтерден төсек жаймасымен түспек болған: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны өртеніп жатқан 9-қабаттағы пәтерден төсек жаймасымен түспек болған: видео Фото ©️ Tengrinews.kz

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шықты. Астана тұрғынының 9-қабаттағы өртеніп жатқан пәтерден төсек жаймасын пайдаланып түспек болғаны видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілер ер адамды құтқарып алды.

"Астананың Сарайшық ауданында, Ж. Нәжімеденов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі 9-қабаттағы пәтерде өрт шықты. Жедел жеткен өртсөндірушілер автосатыны балконға орнатып, ер адамды құтқарып, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртсөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше төсек жаймасын байлап, өз бетінше өттен құтылуға тырысқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети