16 мамыр 2018 | 10:19

Астанада 17 жастағы жігіт әкесінің көлігімен екі адамды қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 17 жастағы жігіт әкесінің көлігімен Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында екі адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада 17 жастағы жігіт әкесінің көлігімен Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында екі адамды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 15 мамырда шамамен сағат 18:30-да болған. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.

"Жол-патрульдік полиция мен Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері құқық бұзушыны Мәскеу көшесіндегі аулалардың бірінен тауып алды. Жүргізушінің 2001 жылғы екені анықталды (көлік әкесіне тиесілі). Қазіргі уақытта ата-анасымен бірге тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Жол апатынан зардап шеккендер - 1983 және 1977 жылғы жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети