Астанада 19 жастағы жігіт өлі табылды: анасы үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 19 жастағы жігіт өлі табылды: анасы үндеу жасады видео кадры

Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жасады. Полицейлер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Марқұмның анасы әлеуметтік желіде үндеу жасады. Полицейлер ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел баласын өлтіргенін айтып, видео-үндеу жасады.

"Төрт адам 19 жастағы ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген. Заң қайда? Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпейтін, ішпейтін, академияда оқыды. Қазір оны ішкендей етіп көрсеткісі келеді. Мені ешкім тыңдамайды. Қылмыскерлер заң бойынша жазаланғанын қалаймын", - дейді әйел.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, 13 қазанда көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылған. Марқұмның жеке басы анықталды. "Алматы" ауданының полиция басқармасы өлім дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Астана полиция департаменті қазіргі уақытта оқиғаның барлық мәліметі белгіленіп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети