Астанада тәтті наннан 20 адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап.
Астанада тәтті наннан 20 адам уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне сілтеме жасап.
"Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан өткір ішек инфекциясының 21 жағдайына және балалар жұқпалы аурулар ауруханасынан жаңғақ дәні бар тәтті наннан улану дерегіне байланысты шұғыл хабарлама келіп түсті. Бұл тәтті нандар Қарасай батыр 1 көшесінің бойындағы "Забава" дүкенінің нан сататын бөлімінде алынған, "Забава ЭКСПО" ЖШС", - делінген хабарламада.
Ауруханаға түскен 16 адамның "Әділет" қоғамдық бірлестігі арқылы моральдық және материалдық шығын ретінде шамамен 13 миллион теңге өндіру бойынша "Забава ЭКСПО" ЖШС директоры Нейфельд Елена Николаевнаға шағым түсіруге ниетті екені хабарланып отыр. Ол тәтті нан өнімі дайындалған орынды жеке кәсіпкер Хорошун Татьяна Николаевнаға жалға берген.
Сонымен қатар, улану дерегі бойынша, Департамент мамандарының 12 шілдеде Қарасай батыр 1 көшесінің бойында орналасқан "Забава" дүкеніне кезектен тыс тексеріс жүргізгені анықталды. Тексеріс кезінде шағын цехтың өнімді Департамент рұқсатынсыз дайындағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта шағын цех жұмыс істеп тұрған жоқ.