Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров жоғалып кетті. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"3 ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) сол жағалауға қарай шығып кетті. Сол күйі оралған жоқ. Телефоны өшірулі. Емтиханға да келмеді!!! Үстінде қоңыр-көк күртесі мен қоңыр қалпағы бар. Бойы шамамен 175-180 сантиметр. Салмағы 70-75 келі шамасында", - делінген хабарламада.
"Ерасыл - интерн-хирург. Ортасында сыйлы. Жауапты, тәрбиелі адам. Темекі шекпейді. Ешқандай діни ағымдарға қатысы жоқ. Ол қарапайым ғана жақсы адам. Табуға көмектесіңіздер!", - деді жоғалып кеткен студенттің досы.
Ерасылды көрген адам болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(747) 024 81 29 - Әкесі, 8(707) 143 94 25 - Диас есімді досы.
Астана ІІД жас жігіттің туыстарының хабарласқанын растады. "Кешеден бері іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.