23 қыркүйек 2017 | 17:03

Астанада 28 жастағы қыз жігітімен ұрысып қалған соң балконнан секіріп кетпекші болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 жастағы астаналық қыз жігітімен ұрысып қалып, балкноннан секіріп кетпекші болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

28 жастағы астаналық қыз жігітімен ұрысып қалып, балкноннан секіріп кетпекші болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың мәліметінше, бұл оқиға 22 қыркүйекте шамамен сағат 19.00-де болған.

"Учаскелік инспектор 8-қабаттың балконында қызды байқаған. Содан олар бірден жоғары қабатқа қарай жүгіріп, оны тоқтатқан. Қыздың 1989 жылғы екені белгілі болды. Ол өзінің бұл әрекетін жігітімен ұрысып қалуымен түсіндірген. Оған психологиялық көмек көрсетілді. Оқиға орнына құрбысы шақыртылып, оны тыныштандырды", - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Ал кейінірек қызды Астана қалалық ІІД Алматы аудандық Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары аға лейтенант Темірхан Қайырбеков пен капитан Асқар Папышевтің құтқарып қалғаны белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, олар өздерінің учаскелерінде жоспарлы тексеріс жүргізіп жатқан.

Балконнан секіріп кетпекші болған қыздың құрбысының үйіне қонаққа келгені белгілі болды. "Ол жігітімен ұрысып қалған соң құрбысына келгенін айтты. Олар сөйлесіп болған соң қыз үйіне қайтатынын айтқан. Бірақ пәтерден шыққан соң ол райынан қайтып, тағы бірнеше қабатқа жоғары көтеріліп, биіктіктен секіріп кетпекші болған", - деді инспектор Қайырбеков.

Сондай-ақ, қыздың ата-анасының Астананың шет жағында тұратыны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети