04 мамыр 2017 18:48

Астанада 5-қабаттан екі жасар бала құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 5-қабаттан екі жасар бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Астанада 5-қабаттан екі жасар бала құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Бүгін шамамен сағат 16.00-де полицияға 5-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен екі жасар баланың құлап кеткендігі жайлы хабар түсті. Сәби шыбын-шіркейден қорғайтын торға сүйеніп тұрғанда құлап кеткен. Бала ауыр жарақаттар алып, медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, өткен жылы елордада 16 баланың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен жағдайы болғанын ескертті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети