"Абу-Даби Плаза" жұмысшылары мардымсыз жалақыға наразы. ©Марат Әбілов
Астанада "Абу-Даби Плаза" жобасының 700 құрылысшысы жалақының мардымсыздығын айтып, ереуілге шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жұмысшылардың айтуынша, құрылыс алушы "Арабтек" компаниясы оларға бес ай бойы аз жалақы беріп келеді. Енді өз талаптары орындалмаса, құрылысшылар еңбек департаментіне шағымданғалы отыр. "Бізде сағаттық тариф енгізілген. Қазір жұмысшылардың жалақысы - 60-70 мың теңге. Мамандығы бар адамдардікі - 120 мың теңге. Біз басшылықпен кездестік, олар шартты қайта қарауға уәде берді. Бес ай бойы осылай жұмыс істеп келеміз, бізге үнемі уәде береді. Олар жалақыны тек 7-8%-ға көтергісі келеді - бұл өте аз. Бәрімізде несие бар, пәтер жалдаймыз. Басқа амалымыз қалмады. Күн сайын уәде берумен келеді. Егер жұмаға дейін мәселе шешілмесе, департаментке шағымданамыз. Мәселе онда да шешілмесе, ары қарай ереуілді жалғастырамыз. Бізде бір сағаттық тариф - 300 теңге", - дейді жұмысшы Талғат Бисекенов. Ал құрылыс салушы компанияның атқарушы директоры Мұрат Жұманов жұмысшылар еңбек дауын қарастыру тәртібін бұзды деп отыр. "Олар көтеруді сұрап отырған тарифтік ставка заңнама талаптарына сәйкес келеді. Оған қоса, қосымша қамтамасыз ету ретінде жатын орын мен тамақ беріліп жатыр, жұмысқа өзіміз әкелеміз. Бізде 600 адам тұрып жатқан үш қонақүй-жатақхана бар, пәтер жалдап тұратындарға 20 мың теңге төленеді. Жұмаға дейін мәселені қарастырамыз, жалақыны көтереміз. Мың адамның ішінде наразы болып отырғандардың саны шамамен 200-ге жуық қана", - дейді Жұманов. Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы ірі құрылыс - "Абу-Даби Плазаның" құны 1,6 млрд доллар екені хабарланған болатын. Жобаны БАӘ инвесторлары қаржыландырып отыр. "Алдар Пропертиз" компаниясы басқарма төрағасы Әбу Бакра әл-Хуридің мәліметінше, биыл кешен құрылысына 7 мыңға жуық жұмысшы тартылады. Олар екі ауысыммен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде құрылысқа 2000-ға жуық адам жұмылдырылған.
Астанада "Абу-Даби Плаза" жобасының 700 құрылысшысы жалақының мардымсыздығын айтып, ереуілге шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жұмысшылардың айтуынша, құрылыс алушы "Арабтек" компаниясы оларға бес ай бойы аз жалақы беріп келеді. Енді өз талаптары орындалмаса, құрылысшылар еңбек департаментіне шағымданғалы отыр.
"Бізде сағаттық тариф енгізілген. Қазір жұмысшылардың жалақысы - 60-70 мың теңге. Мамандығы бар адамдардікі - 120 мың теңге. Біз басшылықпен кездестік, олар шартты қайта қарауға уәде берді. Бес ай бойы осылай жұмыс істеп келеміз, бізге үнемі уәде береді. Олар жалақыны тек 7-8%-ға көтергісі келеді - бұл өте аз. Бәрімізде несие бар, пәтер жалдаймыз. Басқа амалымыз қалмады. Күн сайын уәде берумен келеді. Егер жұмаға дейін мәселе шешілмесе, департаментке шағымданамыз. Мәселе онда да шешілмесе, ары қарай ереуілді жалғастырамыз. Бізде бір сағаттық тариф - 300 теңге", - дейді жұмысшы Талғат Бисекенов.
Ал құрылыс салушы компанияның атқарушы директоры Мұрат Жұманов жұмысшылар еңбек дауын қарастыру тәртібін бұзды деп отыр. "Олар көтеруді сұрап отырған тарифтік ставка заңнама талаптарына сәйкес келеді. Оған қоса, қосымша қамтамасыз ету ретінде жатын орын мен тамақ беріліп жатыр, жұмысқа өзіміз әкелеміз. Бізде 600 адам тұрып жатқан үш қонақүй-жатақхана бар, пәтер жалдап тұратындарға 20 мың теңге төленеді. Жұмаға дейін мәселені қарастырамыз, жалақыны көтереміз. Мың адамның ішінде наразы болып отырғандардың саны шамамен 200-ге жуық қана", - дейді Жұманов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы ірі құрылыс - "Абу-Даби Плазаның" құны 1,6 млрд доллар екені хабарланған болатын. Жобаны БАӘ инвесторлары қаржыландырып отыр. "Алдар Пропертиз" компаниясы басқарма төрағасы Әбу Бакра әл-Хуридің мәліметінше, биыл кешен құрылысына 7 мыңға жуық жұмысшы тартылады. Олар екі ауысыммен жұмыс істейді. Қазірдің өзінде құрылысқа 2000-ға жуық адам жұмылдырылған.