Астанада 777 нөмірлі көлікті тізгіндеген бала видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 777 нөмірлі көлікті тізгіндеген бала видеоға түсіп қалды видео кадры

Астанада көлік тізгінінде отырған бала видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада көлік тізгінінде отырған бала видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

777 *** 01 нөмірлі жол талғамайтын көлікті тізгіндеген баланы куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бала EXPO қалашығы аумағында көлік жүргізіп келе жатқан. Кадр әлеуметтік желіде пайда болды.

Астана Полиция департаменті мәліметінше, Exceed жол талғамайтын көлігінің 45 жастағы иесі баланы рөлге отырғызған. Оған 50 АЕК (172 500 теңге. – еск.) айыппұл салынған, сонымен қатар бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 127-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети