Астанада 8 бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 8 бала менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды © РИА Новости

Астанада 5-16 қазан аралығында сегіз бала сірлі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 5-16 қазан аралығында сегіз бала сірлі менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде Астанадағы балалар жұқпалы аурулар ауруханасында алдын ала "сірлі менингит" диагнозы қойылған 8 мектеп оқушысы жатыр. Олардың барлығы әр түрлі мектепте оқиды. 5-16 қазан аралығында әр түрлі мерзімде ауруханаға түсті", - деп хабарлады Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Тек осыдан екі күн бұрын түскен баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 

Байғабылов балалардың ауруханадан екі аптадан соң шығатынын айтып өтті.

Бірақ, департамент басшысының айтуынша, Астанада ешқандай карантин жарияланбайды. Себебі сірлі менингит менингококк инфекциясы сияқты қауіпті емес.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 513.55  course down  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети