Астанадағы №59 мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болған сәтте сабақта оқытушы болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы №59 мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болған сәтте сабақта оқытушы болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқытушы оқиға кезінде сыныпта болмаған, болса да, сыныптан шығып кеткен, бұл расталды. (...) Төбелес болды ма, жоқ па, айтуға ерте, тергеушілер жұмыс істеп жатыр, балалардың көбі төбелестің болмағанын айтып жатса, кейбіреуі болды дейді", - деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева.
Вице-министрдің айтуынша, сот-медициналық сараптама қорытындысы қаңтар айының басында дайын болады. Ол соталды тергеуге Астана мен Алматының сарапшылары қатысып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, сегізінші сынып оқушысы Темірқлан Диханбаев Астанадағы №59 мектеп-лицейінде қайтыс болған еді. Өлімінің бастапқы себебі ретінде жүрек жетіспеушілігі айтылған, бұл туралы мұғалімдері де айтқан еді. Алайда оқушының туыстары мектепте төбелес болды деп мәлімдеді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.