Полицейлер 14 жастағы Темірұлан Диханбаевтың өліміне қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.
Полицейлер 14 жастағы Темірұлан Диханбаевтың өліміне қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.
"2016 жылдың 30 қарашасында Т.Диханбаевтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қылмыстық іс Астана қалалық ІІД тергеу басқармасының өндірісіне алынды. Оқушының өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ҚР ІІМ өкілдерінің хабарламасында.
Еске салайық, 30 қарашада Астанада мектеп оқушысының сабақ үстінде қайтыс болғаны хабарланған болатын. "2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", - деген еді Астана қаласының Денсаулық басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев.