Астанада 8-сынып оқушысы қайтыс болған кезде сабақта оқытушы болмаған - министрлік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 8-сынып оқушысы қайтыс болған кезде сабақта оқытушы болмаған - министрлік

Астанадағы №59 мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болған сәтте сабақта оқытушы болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы №59 мектепте сегізінші сынып оқушысы қайтыс болған сәтте сабақта оқытушы болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқытушы оқиға кезінде сыныпта болмаған, болса да, сыныптан шығып кеткен, бұл расталды. (...) Төбелес болды ма, жоқ па, айтуға ерте, тергеушілер жұмыс істеп жатыр, балалардың көбі төбелестің болмағанын айтып жатса, кейбіреуі болды дейді", - деп хабарлады ҚР білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева.

Вице-министрдің айтуынша, сот-медициналық сараптама қорытындысы қаңтар айының басында дайын болады. Ол соталды тергеуге Астана мен Алматының сарапшылары қатысып жатқанын атап өтті.

Еске салайық, сегізінші сынып оқушысы Темірқлан Диханбаев Астанадағы №59 мектеп-лицейінде қайтыс болған еді. Өлімінің бастапқы себебі ретінде жүрек жетіспеушілігі айтылған, бұл туралы мұғалімдері де айтқан еді. Алайда оқушының туыстары мектепте төбелес болды деп мәлімдеді. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети