© kazcosmos.gov.kz
Астанада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті корпустарының бірінің шатыры желден ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті корпустарының бірінің шатыры желден ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жалғасы
Бұл мәліметті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Әлеуметтік желілерде шатыры ұшып кеткен ғимараттың суреттері мен видеолары жарияланып жатыр.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төтенше жағдай жариялағаны хабарланған болатын.