Астанада әйелдің үстіне пальма құлады: сауда орталығының өкілдері мәлімдеме жасады

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада әйелдің үстіне пальма құлады: сауда орталығының өкілдері мәлімдеме жасады

"Хан Шатыр" ойын-сауық орталағының әкімшілік өкілдері әйелдің үстіне пальма құлаған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хан Шатыр" ойын-сауық орталағының әкімшілік өкілдері әйелдің үстіне пальма құлаған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылдың 8 наурызында "Хан Шатыр" сауда орталағында жазатайым оқиға болды. Үшінші қабаттан эскалаторға пальма құлаған. Нәтижесінде әйел жапа шекті. Орталықтың медицина қызметкерлері әйелге медициналық тексеріс жүргізген. Оған көмек көрсетілу үшін әйел қызметтік үй-жайға жеткізілген. Ол медициналық көмектен аяққа тұрып, кейін медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы қалыпты, алған жарақаттар оның өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ол дәрігерлер қарауында", - деп мәлімдеді "Хан Шатыр" орталығының әкімшілік өкілдері.

Оған қоса олардың айтуынша, әйелге моральдық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр екен. Құлаған пальманы орталықтың қызметкерлері тексеру жүргізіп "ағаштан" ешқандай зақым тааппаған.

"Осы оқиғаға байланысты орталықтың ландшафттық дизайнымен айналысатын компанияға тексеріс өткізу жайлы өтініш жасадық. Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары істеліп, алдағы уақытта осындай оқиғалар қайталанбас үшін қажетті шаралар жасалды", - деді орталық өкілдері.

Айта кетейік, желіде Астанадағы сауда орталықтарының бірінде декор пальмасы эскалаторға құлаған видеосы жарияланды. Осының салдарынан сатып алушылардың бірі зардап шеккен. Астана полицейлерінің мәліметінше, осы дерекке қатысты сотқа дейінгі шаралар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") бойынша жүргізіліп жатыр екен.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети