30 наурыз 2017 | 15:00

Астанада арнайы жасақ қызметкері жұмыс орнында асылып қалған күйі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаза тапқан кіші сержант Медет Темірбаев анасымен. © Отбасы мұрағатынан Қаза тапқан кіші сержант Медет Темірбаев анасымен. © Отбасы мұрағатынан

Астанада қалалық ІІД арнайы жасағының аумағында жас қызметкер асылған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаза тапқан ер адамның 24 жастағы кіші сержант Медет Темірбаев екені белгілі болды.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада қалалық ІІД арнайы жасағының аумағында жас қызметкер асылған күйі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаза тапқан ер адамның 24 жастағы кіші сержант Медет Темірбаев екені белгілі болды.

Қаза тапқан сержант Медет Темірбаевтың анасының айтуынша, ұлының мәйіті 8 наурызда табылған. "1992 жылы дүниеге келген ұлым Темірбаев Медет арнайы жасақта қызмет етуді армандаған еді. Осыған бірнеше жыл бойы дайындалды, құжаттарды жинады. Армияда десанттық жасақта қызмет етті. Былтыр ғана осы жүргізуші болып жұмысқа кірген еді. Онда бар-жоғы 7 ай 10 күн жұмыс істеді", - деді Темірбаевтың анасы Нұрия Жанаева.


Медет Темірбаев. Отбасы мұрағатынан алынған сурет.

"7 наурызда әдеттегідей жұмысқа кетті. Өзімен бірге түскі асын алып кетті, көңіл-күйі жақсы болатын. Сол күні маған екі рет қоңырау соққан еді, ол маған күніне бірнеше рет хабарласатын. Шамамен кешкі сағат 8-дерде әйелімен сөйлесіп, сапарда жүргенін айтты. Содан ұлым кешкі сағат 9-да үйге келмей жатқан соң, уайымдай бастадым. Бірақ бір жағынан қызметінде кідіріп қалған шығар деп ойладым. Телефоны сөндірулі болды. Ал келесі күні ұлыммен бірге қызмет еткендер Медеттің асылып қалғанын айтты", - дейді анасы.

Нұрия Жанабаева ұлының өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Оның айтуынша, ұлы дінге сенетін адам болған, мешітке барып тұратын. Отбасы 2 сәуірде болатын үйлену тойына дайындалып жатқан екен. Медет отбасында жалғыз бала болған, ал әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.


Олар осыдан бір жарым жыл бұрын науқас баланы асырап алған.


Медет Темірбаев арнайы жасақта қызмет етуді армандаған.


Қаза тапқан жігіт 2 сәуірде өтетін үйлену тойына дайындалып жатқан.

"Мені жасақтың бөліміне әкелгенде, ұлымның денесі ол кезде мәйітханаға жіберіліп қойған екен. Мәйітті көрмедік, ұлымды соңғы рет құшақтай да алмадым. Оны 10 наурызда жерледік", - дейді анасы.

Анасының айтуынша, ол қайғылы оқиғаға дейін ұлының мойнында оны біреудің буындырғаны сияқты іздерді байқаған. "Оны біреу буындырғандай, мойны қызарып тұрды. Ол спорт шебері болатын, үнемі жаттығып жүретін. Бірақ ол маған сол кезде жаттығу жасап жүргенде жарақат алғанын айтты. Ал болашақ әйеліне жұмыста "оңтүстіктің" жігіттерімен төбелесіп қалғанын айтқан. Кейіннен біз олардың ұлымнан ақша мен осыдан бір ай бұрын сатып алған көлігін талап еткені жайлы білдік", - деді Темірбаевтың анасы.

Астана қалалық ІІД полицияның кіші сержанты Медет Темірбаевтың ішкі істер органдарында 2016 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істегенін хабарлады. Осы оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бастапқыда жүргізілген тексеріс кезінде мәйітте ешқандай дене жарақаттары анықталмады.Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети