Астанадағы әскеридің өлімі дерегі бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанадағы әскеридің өлімі дерегі бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ІІМ әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) және 287-бабының 3-бөлімінде (жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтау және алып жүру) қарастырылған құқықбұзушылық бойынша тіркелген қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген министрліктің редакцияның сауалына берген жауабында.
ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері қазіргі уақытта ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын айтты. "Осы істер бойынша бірқатар сот сараптамасы, жарылғыш құралдардың инвентаризациясы мен өзге де зерттеулер белгіленді, қажетті барлық тексеріс шаралары өткізіліп жатыр. Бұлардың қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне баға беріліп, заңды процессуал шешім қабылданады", - деді баспасөз өкілдері.
Еске сала кетейік, 10 ақпанда Астанада Достық көшесінде ҚР Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік жарылып, бір әскери қызметшінің қаза тапқаны хабарланған еді. Қаза болған адамның ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы екені анықталды. Оқиға орнында оның өлім алдындағы жазбасы делінген хат табылды делінген ақпарат тарады. Онда Сыздықов екі фамилияны жазған. Кейін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов хаттың түпнұсқа екенін және онда фамилиялардың аталғанын растады.