Астанада атылып өлген кафе иесінің қызы оқиғаның мән-жайын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жол бойындағы кафесін бұзу кезінде өзін атып тастаған Авазов Майор Рашид-оғлының қызы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жол бойындағы кафесін бұзу кезінде өзін атып тастаған Авазов Майор Рашид-оғлының қызы оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 тамызда Тунзалы Рашидлидің әкесі өзін атып тастады. Оқиға кафеге сот орындаушылары мен полиция қызметкерлері келгенде болған, олар ғимаратты бұзу туралы сот шешімін ала барыпты. 

"Карабах" деп аталған кішігірім кафе Астанаға жақын маңда, Қарағанды мен Павлодар тас жолдарының аралығында орналасқан. Оның иесі - 60 жастағы Авазов Майор Рашид-оғлы, ғимаратты 2010 жылы тұрғызған. Қайтыс болған ер адамның қызының айтуынша, кафе тұрғызылған жерді әкесі жалға алған.


Суретте Авазов Майор Рашид-оғлы

"Бұл жер 2015 жылға дейін бір компанияға тиесілі болды. Біз бұл жерді 2020 жылға дейін жалға алдық. Бізде барлық құжат, келісімшарт бар. Біз салық төлеп отырдық: барлығы заңды. Бірақ, 2015 жылы компанияның бұл жері тәркіленді, бізге оны ешкім айтқан жоқ. Ол кезде ғимарат тұрғызылып қойған. Ол бұл кафені өзі салды. Біз осы жерде жолға шыққан көліктердің адамдарын тамақтандырдық. Өзіміз де осында тұрдық - мен, анам, әкем", - деді марқұмның қызы Тунзалы Рашидли.

 
23 жастағы Тунзалы Рашидли

Қыздың айтуынша, техника ғимаратты құлата бастаған кезден бірнеше уақыт өткенде ол әкесінің өзіне қол салғанын естіген.

"Біз кафені босату керек екенін түсіндік, біз жай ғана уақыт сұрадық, барлығын ол жерден әкетіп үлгеру үшін. Бас прокуратурадағылар заттарымызды, құрылыс заттарының бір бөлігі мен жабдықтарымызды алып кетуіміз үшін бізге 10 қыркүйекке дейін уақыт берген. Бірақ ғимаратты сонда да құлата бастады", - деді Тунзалы Рашидли. Қыздың айтуынша, ол әкесінде қарудың бар екенін білмеген.

Ер адам кафеге жақын жерде өзін атып тастады. 

"Оқтың атылғанын естіген жоқпын, адамдардың жүгіріп, айғайлаған дауыстарын естідім: "Өлді, өлді", деді олар", - деп еске алды қыз.

Ер адам Әзірбайжанда жерленеді.

"Ол босқын болатын. 90-жылдары Қазақстанға келген, оны ресми түрде босқын деп таныған, кейін ол осы жерде азаматтық алды (...) Бұрын оның Астрахан тас жолында кафесі болған, бірақ ол өртеніп кетті. Ал бұл кафені өзі тұрғызды", - деді марқұмның туысы Рабил Кулиев. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жол бойында орналасқан кафенің құлатылған сәті түсірілген видео пайда болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro