Астанада үйлену тойын ұйымдастырушылардың арасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Астанада үйлену тойын ұйымдастырушылардың арасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
14 маусымда сағат 11.00-де болған оқиғаға қатысты бұзақылық дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталған. Тергеу барысында үйлену тойын ұйымдастырумен айналысатын, бір-бірін бұрыннан танитын 28 жастағы Т. есімді жігіт пен 32 жастағы Д. есімді азаматтың арасында жанжал шығады. Оқиға Сәтбаев және Момышұлы көшелерінің қиылысында болыпты. Бұл жерге олар достарымен бірге келеді. Жанжалға қатысушылардың бірі травмат қаруынан оқ атса, екіншісі қорқыту мақсатында оқу-жаттығуға арналған граната лақтырған", - деді ІІД өкілдері.
Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді.
Бұған дейін Instagram қолданушысы Азамат Кессікбаев Сәтбаев пен Момышұлы көшелерінің қиылысында түсірілген фото мен видео жариялады. "Атыс естілді, гильзалар және жарылғыш зат табылды. Көше қоршауға алынып, онда ешкім жіберілмеді", - деп жазды ол.