Астанада атылып өлген кафе иесіне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада атылып өлген кафе иесіне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

Сот орындаушысының барлық іс-әрекеті қатаң түрде қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды. Бұл туралы Астана қаласының Әділет департаменті өзін атып өлтірген кафе иесіне қатысты істің мән-жайын түсіндіргенде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомстводағылардың айтуынша, 2017 жылы 26 қыркүйекте сот  заңсыз салынған құрылысты бұзу арқылы заңсыз алынған жер телімін босату туралы шешім шығарған. Шешім 2017 жылы 13 желтоқсанда күшіне енді. 

"2018 жылы 20 маусымда орындау қағазы келгеннен кейін Астана қаласы Әділет департаменті мемлекеттік сот орындаушысының қаулысымен атқару өндірісі қозғалды. Ол бойынша, 2018 жылы 2 тамызда борышкерге өз еркімен шешімді орындау ұсынылған. 

Кафе иесінің жалтаруына байланысы мәжбүрлеп орындау 2018 жылдың 16 тамызына жоспарланған, ол 10 тамызда ғимарат иесіне хабараланды. Сот орындаушысының барлық іс-әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалды", - деп хабарлады Әділет департаменті өкілі. 

Астана қаласының Ішкі істер департаменті өзін-өзі өлтіру дерегін сотқа дейінгі бірыңғай тергеулердің реестріне тіркеді, оның барысында оқиғаға құқықтық баға беріледі.

Мұның алдында ІІМ Астанада кафе иесі өзін атып өлтірді деп хабарлаған. Төтенше жағдай 16 тамызда Қарағанды және Павлодар тасжолындағы айналма жолда болды. 

"Қарағанды мен Павлодар тасжолдары аралығында заңсыз салынған жол бойындағы кафені сот шешімі бойынша бұзу барысында сот орындаушысының көзінше кафе иесі өзін атып өлтірді", - дп хабарлаған еді ведомстводағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети