07 қыркүйек 2016 | 17:31

Астанада аударылып кеткен көліктің жүргізушісі жол бермеген - ІІД-нің алдын ала нұсқасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада төрт балаға зардабын тигізген көлік жүргізушісі екінші жүргізушіге жол бермеген. Бұл полицейлердің айтып отырған алдын ала нұсқасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада төрт балаға зардабын тигізген көлік жүргізушісі екінші жүргізушіге жол бермеген. Бұл полицейлердің айтып отырған алдын ала нұсқасы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 7 қыркүйекте Иманов пен Асан Қайғы көшелерінің қиылысында болған жол апаты бойынша полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Асан Қайғы көшесінің бойымен Иманов көшесіне қарай бара жатып, қиылыста басқа көлікке жол бермей, нәтижесінде Mercedes-Benz көлігімен соғысқан. Алған соққыдан Lexus жүргізушісі кәмелетке толмаған балалар мен тұрақта тұрған "Лада"көлігін соққан. Кейіннен Lexus тағы да тұрақта тұрған ZAZ маркалы көлікке соғысып, одан сол жерде тұрған Mitsubishi көлігімен тағы соғысқан", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада болған жол апатынан зардап шеккен төрт баланың ауруханаға жеткізіліп, біреуінің жағдайы ауыр екені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети