© pixabay.com
Астанада ауруханада жатқан науқастың ұялы телефоны ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада ауруханада жатқан науқастың ұялы телефоны ұрланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға 2017 жылдың 30 желтоқсанында болған. Соттың мәліметінше, ер адам №1 қалалық ауруханада науқастың IPhone 7 телефонын ұрлап кеткен.
Астананың Алматы аудандық №2 сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша айыпты деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.