23 тамыз 2017 15:22

Астанада автобус жол апатына ұшырады: Шамамен 10 көлік бүлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астанада Кенесары көшесінде шамамен 10 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада Кенесары көшесінде шамамен 10 көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы мен суреттерін Ботагөз Тоқтар есімді оқырман жолдады.

Оқырманның айтуынша, ол бұл оқиғаны өз көзімен көрген. "Автобус бір топ көліктің ортасына ұшып келді. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан жоқ еді, шамамен сағатына 40 шақырым", - дейді куәгер.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер бар. 

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер оқиға орнында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқанын айтты. Кейінірек толығырақ мәлімет айтуға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети