Астанада автобус пен бетон араластыратын машина түйісіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада автобус пен бетон араластыратын машина түйісіп қалды Тengrinews.kz

Астанада Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағытты автобус бетон араластыратын машинамен түйісіп қалды. Бұл туралы Астана қаласы ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығы мамандары хабарлады.

Қалалық жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, Астанадағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам зардап шекті, оның екеуі - бала. Зардап шеккендердің бәрі түрлі медициналық мекемеге жеткізілді. Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ.

"103" қызметінің мәліметінше, Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабар сағат 17.11-де келіп түскен.

Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі оқиғадан 16 адам зардап шекті деп хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, автобус қалаға кіріп келе жатқан, ал жүк көлігі қаладан шығуға бет алған.

Мұның алдында Астанада жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып қалған еді. 21 қараша күні жүк тиеп алып келе жатқан К-700 Пригородный елді мекенінен Астанаға бет алған №12 бағытты автобусқа соқтығысты. Автобустың үш жолаушысы зардап шекті. 

Айта кетейік, бүгін Астанада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз автобус" атты жоба қолға алынған. Бұл туралы ақпарат қала әкімдігінің сайтында жарияланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети