Астанада автобуспен соғысқан Lexus аударылып қалды

17 Шілде 2017, 15:58
0
Астанада автобуспен соғысқан Lexus аударылып қалды -

Астанада жол қиылысында тұрған жолаушылар автобусымен соғысқан Lexus аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астана ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 10:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылы мен Керей және Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған.  

"Lexus жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылының бойымен келе жатып, Керей және Жәнібек хандар көшесіне жеткен тұста бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтіп кетіп, Renault маркалы көлікке соғысқан. Содан кейін Lexus ұшып кетіп, қиылыста тұрған қалалық автобусқа соғысқан", - дейді Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбаева. 

Жол апаты салдарынан Renault көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, дәрігерлер оны қарап шығып, үйіне жіберді. Жол-көлік оқиғасына қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай