Астанада аялдамадағы әйнек ерлі-зайыптының үстіне құлады. Нәтижесінде ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
Астанада аялдамадағы әйнек ерлі-зайыптының үстіне құлады. Нәтижесінде ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды.
"3 желтоқсанда таңертең Астанада Абылай хан көшесі, 60-үй мекенжайындағы аялдамада ата-анам аялдамада тұрған, желден аялдаманың әйнегі құлап, әкемнің жамбасы сынған. Операция жасау жоспарланып жатыр. Егде жастағы адам қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстың құрбаны болды", - деді видео авторы Instagram-да.
Кадрларда қатты жел салдарынан аялдамадағы әйнек сол жерде тұрған ерлі-зайыптының үстіне қалай құлағанын көруге болады. Екеуі де жерге құлап түседі. Әйел көп ұзамай орнынан тұрып, күйеуіне көмектесуге тырысады, бірақ ер адам орнынан тұра алмайды.
Оқиғадан кейін зардап шеккендер №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген. Ер адамға ота жасау жоспарланған, деп хабарлады елорданың Денсаулық сақтау басқармасы.
"Жан-жақты тексеру және алқалы тексеру нәтижесінде жарақат алған науқас ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы тұрақты. Операциялық ем бүгінге жоспарланған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Тексеруден кейін әйел амбулаторлық емделуге және тіркелген жеріндегі емханаға бақылауға үйіне жіберілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!