Астанада 24 қаңтарда №48 автобуста қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаевқа сілтеме жасап.
Астанада 24 қаңтарда №48 автобуста қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаевқа сілтеме жасап.
Әйел сағат 19.00-де "Артем" базарындағы аялдамадан отырып, Орбита ықшамауданына бара жатқан. Бір сәтте ол өзін нашар сезініп, отырған жерінен құлап кетіп, есін жоғалтқан. Автобустағылардың барлығы қорқып, бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер 1969 жылғы әйелдің қайтыс болғанын айтқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне жүрегінің ұстап қалуы себеп болған. Криминалистер автобус салонында тергеу жұмыстарын жүргізді.