Астанада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада балаларын фильмге түсірмек болған ана алаяққа алданып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға арызбен жүгініп, белгісіз адамның тарапынан алаяқтық әрекеттердің құрбаны болғанын және ақшасынан айырылғанын айтып арызданған.

"Тергеу барысында әйел WhatsApp мессенджерінің чатынан ер адамның белгілі бір сомадағы ақшаға телехикаяда рөл ұсынғаны туралы хабарландыруын көрген. Оның уәделеріне қызығып, әйел оған 600 мың теңге жіберіп, балалары кинода рөл алады деп үміттенген. Бірақ күдіктінің уәделері екі айға созылып, осы уақыт ішінде ол әр түрлі сылтаулар айтқан", - делінген хабарламада.

Телехикая рөлінде ойнауды күте-күте жалыққан әйел полицияға жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері қаланың 22 жастағы тұрғынын анықтады. Оның елорда аумағында жасалған алаяқтықтың үш эпизодына қатысы бар екені анықталған. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр".

Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Астана Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети