Kaspi bank Астанадағы бөлімшеге жасалған қарақшылық шабуыл жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Kaspi bank Астанадағы бөлімшеге жасалған қарақшылық шабуыл жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Банктің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 4 тамызда Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіне медициналық бетперде таққан ер адам кіріп келген. Ол жейдесінің ішінде тұрған жарылғыш затты іске қосамын деп қорқытып, ақша талап еткен.
"Кассир әріптестері мен клиенттердің өмірін қатерге байламау үшін оған ақша беріп, дабыл белгісін қосу туралы дұрыс шешім жасады. Осының арқасында банкке келген клиенттер де, қызметкерлер де зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады банктегілер.
© Шоқан Алхабаев
Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі - 130 мың теңге және 80 АҚШ доллары. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.