06 маусым 2016 | 09:38

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде шыққан өрттің себебі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада "Байқоңыр" тұрғын үй кешенінде өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Байқоңыр" тұрғын үй кешеніндегі өрт туралы елорданың өрт сөндіру қызметіне сағат 02.12-де хабарлама түскен. 02.17-де оқиға орнына өрт сөндірушілер келген. Өрттің 5 қабаттан 9 қабатқа дейінгі кабельді шахтада болғаны анықталды. Соның салдарынан 5-20 қабаттар аралығында түтіндеу басталған. Өрт сағат 02.35-те ауыздықталды.

Өрт болған жерге өрт сөндіру қызметіндегі 50 адам мен 9 дана техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК Медицина орталығының бөлімшесі мен жедел жәрдем қызметі оқиға орнына келді. Дәрігерлер өрттен уланған екі адамға медициналық көмек көрсетті. Ал 230-ға жуық адам эвакуацияланды.


© facebook.com/ailana.auari

Иманқұловтың айтуынша, оқиға орнына келген кезде өртсөндірушілерге ауланың автокөліктермен толып тұрғанына байланысты оқиға орнына жету қиындық туғызды. Мұндай жағдайда аулада қойылған автокөліктер өрт сөндірушілерге жұмыс істеуге кедергі келтіреді. Сондықтан адамдарға өрт сөндіру көлігін өткізу үшін өз күштерімен көліктерді жылжытуға тура келді. Оқиға орнына өте алмай жатқан қызметтік көлікті көрген кейбір адамдар байбалам сала бастаған.

"Адамдарды жоғары қабаттан эвакуациялаудың қажеті болмады. Егер жоғарыға шығу қажет болғанда, өрт сатысы да керек болар еді. Ал өрт сатысы ол ғимаратқа сол бойы өте алмады. Мұндай техника негізі ғимараттың ішіне кіріп, барлық адамды эвакуациялау керек. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, өртсөндірушілерге тек жоғары қабаттарға салмағы 25 келі болатын өрт сөндіру құралдарымен жүгіру керек болады. Осыдан кейін де біреулер өртті ұзақ уақыт сөндірді дейді. Ал бұл жағдайда ғимарат 24 қабатты", - деп мәлімдеді Иманқұлов.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілінің айтуынша, мұның бәрі "бізге болып қалуы мүмкін төтенше жағдайларда не істеу қажет, өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту керек. Төтенше жағдайлар кезінде әрекет етудің ережелерін оқу керек". Сонымен қатар, ол өрттің 80 пайызының тұрғын үй кешендерінде болатынын еске салды. "Қазір тұрғындардың толықтай қауіпсіздігі үшін әр пәтерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр" , - деді Иманқұлов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети