Астанада бірнеше күн бұрын жоғалған Грузия азаматы өлі табылды. Бұл туралы марқұмның әйелінің сіңлісі Анна Пашковская хабарлады, - деп жазады Sputnik Казахстан.
Астанада бірнеше күн бұрын жоғалған Грузия азаматы өлі табылды. Бұл туралы марқұмның әйелінің сіңлісі Анна Пашковская хабарлады, - деп жазады Sputnik Казахстан.
Басылымның мәліметінше, 25 жастағы Арчил Давитадзе 18 мамырда күндіз жоғалған. Түстен кейінгі уақытта ер адам жұмысынан шығып кетіп, оны содан бері ешкім көрмеген. Туыстары оның неден қайтыс болғанын айтпады.
Ер адам Астана тұрғынымен некелескен және Қазақстанда ықтияр хаты болған. Оның әйелі Астанада белгілі психолог Марина Пашковская. Қаза тапқан ер адамның артында кішкентай қызы қалды.
Ал осыған дейін Пашковская әлеуметтік желілерде күйеуін іздестіруге көмектесуді сұраған болатын.