Астананың Денсаулық сақтау басқармасы биіктен құлаған альпинистердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астананың Денсаулық сақтау басқармасы биіктен құлаған альпинистердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, 12 қазанда №2 қалалық ауруханаға құрылыс алаңында биіктен құлап зардап шеккен үш адам түскен.
"Үшеуіне де көптеген жұмсақ тіндердің жарақаты, қабырға, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы, жоғары дәрежелі шок және травматикалық жағдай диагнозы қойылды", - деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер жансақтау бөлімдеріне жатқызылды, жарақаттарына хирургиялық ем жүргізілді.
"Көптеген ауыр жарақат салдарынан 1999 жылы туған зардап шеугші 12 қазанда сағат 17:40-та қаза болды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
13 қазандағы жағдай бойынша 1999 және 2002 жылы туған тағы екі зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр.
Еске сала кетейік, 12 қазанда түсте Астанадағы құрылыс нысандарының бірінде төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кеткен болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оқырмандар хабарлады. 24 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғаны атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!