BMW жүргізушісі "Нұрлы жол" теміржол вокзалындағы автотұрақтың қоршауын қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
BMW жүргізушісі "Нұрлы жол" теміржол вокзалындағы автотұрақтың қоршауын қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.
Оқиға 12 тамызда сағат кешкі 19.40-та болған.
"Көлік жүргізушісі "Нұрлы жол" теміржол вокзалының тұрағында көлік тізгініне ие бола алмай жол қауіпсіздік ережесін бұзып, автотұрақтың қоршауы мен эскалаторына барып соғылған", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілі.
Жол-көлік оқиғасынан, абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
"Нұрлы жол" вокзалында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Яғни "Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзды" делінген бап бойынша іс қарастырылатын болады", - деді полиция қызметкерлері.
Көлік коммуналдық айыппұл автотұрағына қойылды.