Астанада болған жол апаты: төрт бала ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы ауыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада болған жол апаты: төрт бала ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы ауыр © Тұрар Қазанғапов

Астанада болған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада болған жол апатынан зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, осыған дейін Астанадағы Иманов көшесінде жеңіл көліктің аударылып, жол жиегіне шығып кеткені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы төрт бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.

"Үш баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 2002 жылғы баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, балалар екінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Ауруханаға жеткізілген балалардың ішіне, көкірек қуысына, самайына зақым тиіп, милары шайқалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети