01 қыркүйек 2018 | 12:12

Астанада болған өрттен кейін үш сәби ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

Астана қаласында қысқа тұйықталудан тұрғын үйде электрлік кабель өртенді. Тұрғындар өз күштерімен үйді тастап шыққан, алайда 2018 жылы туған үш сәби газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласында қысқа тұйықталудан тұрғын үйде электрлік кабель өртенді. Тұрғындар өз күштерімен үйді тастап шыққан, алайда 2018 жылы туған үш сәби газдан уланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қыркүйек таңғы 05.18-де Сарыарқа ауданындағы тұрғын үйде 1 және 6-қабаттардағы 15 метр электр кабелі өртенген. Тұрғындар өз күштерімен үйді тастап шыққан. Өрт таңғы 06.15-те ауыздықталды. Газдан уланған үш сәби ауруханаға жеткізілді, барлығы 2018 жылы туған балалар. Жағдайлары орташа тұрақты", - деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Өрттің себебі электр сымының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін. Өрттің салдарынан электрмен қамтамасыз ету тоқтатылған, жақын арада қайта қалпына кетіру жұмыстары басталады.  


Оқырман жолдаған сурет.

Өртті ауыздықтауға, тұрғындарды эвакуациялауға және басқа да шұғыл жұмыстарға 17 өртсөндіруші және 6 арнайы техника жұмылдырылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети