03 қазан 2018 16:18

Астанада дәрігер науқасты тепті: Қабылдау бөлімі онлайн бақыланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана әкімдігіндегілер Орталық теміржол ауруханасында науқас пен медқызметкердің арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімдігіндегілер Орталық теміржол ауруханасында науқас пен медқызметкердің арасында болған жанжалға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бұл видеоны таңертең көріп, бірден тергеуді бастадық. Оқиғаның қай жерде болғанын анықтау үшін қаламыздағы стационарлармен байланыстық. Оқиғаның №2 қалалық ауруханада болғаны жазылды емес пе. Сол жерден анықтай бастадық, кейін №1 қалалық ауруханадан білдік. Біз ол ауруханаға жеткенше ақпарат БАҚ-та тарап кетті. Бірден хабарласып, барлығын сол жерде анықтадық", - деді брифинг кезінде елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Оның айтуынша, медқызметкердің бұл қылығы тәртіпсіздік. Рүстемованың айтуынша, қабылдау бөлімдері бейне камералар арқылы бақыланатын болады.

"Мұндай оқиғалар болмау үшін қызметкерлермен жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар, бір аптаның ішінде қабылдау бөлімдеріндегі бейне бақылау денсаулық сақтау басқармасы басшысының мониторына қосылады деп шештік. Біз қызметкерлерімізді ақтап жатқан жоқпыз, бірақ бұл оқиғаға қатысты ІІД тергеу жүргізіп, шара қолданады деп ойлаймын", - деді Рүстемова.

Орталық теміржол ауруханасының бас дәрігері Сергей Демочкиннің айтуынша, науқастың өмірі үшін қауіпті жарақат жоқ.

2 қазанға қараған түні мас күйдегі науқас пен дәрігер арасында жанжал болды. Науқас терапевтті ұрып, балағаттай бастаған. Осыдан кейін дәрігер оны итеріп, тепкен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети