Астанада дөнер сататын дүңгіршек жарылды: оқиға видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дөнер сататын дүңгіршек жарылды: оқиға видеоға түсіп қалған Фото: ТЖМ

Астанада Құдайбердіұлы көшесінде дөнер сататын дүңгіршек өртеніп, кейін жарылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Құдайбердіұлы көшесінде дөнер сататын дүңгіршек өртеніп, кейін жарылды. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты растады.

"Алматы ауданында Құдайбердіұлы даңғылының бойында донер сататын дүңгршекте газ-ауа қоспасы жарылып, кейіннен өрт шыққан. ТЖМ күшімен, алдын ала мәлімет бойынша, 24 шаршы метр аумақта өрт оқшауланды", - деп хабарлады ведомство.

Ведомство жарылыс салдарынан өрт жақын маңдағы көкөніс сататын дүңгіршекке өтіп, жеңіл көлік те зақымданғанын атап өтті.

Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің сөндірілгенін хабарлады. Зардап шеккендер жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети