Астанада дрифт жасап, видеоға түсірген жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада дрифт жасаған жүргізуші ұсталды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дрифт жасаған жүргізуші ұсталды. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық 20 жастағы жүргізуші өзінің көлігімен жасаған маневрлерін видеоға түсіріп, кейіннен ол желіде жарияланған. Полицейлер көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіргені анықталды. Осыған байланысты оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушіге мына баптар бойынша айып тағылды: "Қауіпсіздік белдігін тақпау", "Апаттық жағдай туғызу", "Маневр жасау ережелерін бұзу".

Сот шешімі бойынша, жүргізуші ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлады полиция департаменті.

Астана полициясы мұндай әрекеттердің жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін, сондай-ақ ауыр әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети