Астанада екі көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада екі көшенің қиылысында Lada мен Land Rover соқтығысты. Бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада екі көшенің қиылысында Lada мен Land Rover соқтығысты. Бір жүргізуші ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 2 желтоқсанда таңертең Жошы хан мен Кекілбаев көшелерінің қиылысында болған.

Қалалық полиция бөлімі өкілдерінің мәліметінше, Land Rover солға бұрылғанда жол бермеген.

"Land Rover көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде жол бермей, Lada көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деді ведомство өкілдері.

Бұл жағдайға қатысты тексеру жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.04  course up  582.69  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети